Рыпакова атындағы турнирдің рекорды жаңартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жабық кешендегі IV халықаралық турнирде биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая турнирдің рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Биіктікке секіру сайысынан ерлер арасында негізгі бәсекелестік алматылық Роман Лошкарев пен спортқа қайта оралған Сергей Засимович (ШҚО) арасында өрбіді. Қазақстан чемпионатында да дәл солай болған. Екеуі де соңына дейін бас жүлдеден үмітті болған. Жеңімпаз тек қосымша көрсеткіштер бойынша анықталды. Әйтпесе, екеуі де жарысты 2.08 метрмен аяқтады.

Әйелдерден тағы да семейлік Надежда Дубовицкаяға қарсылас табылмады. Ол турнирдің жаңа рекордын орнатты - 1.84 метр. Дубовицкая кейіннен 1.88 метрге тапсырыс бергенімен, бұл биіктікті бағындыра алмады.

Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарыс. 20 қаңтар. Биіктікке секіру, ерлер:

1.     Роман Лошкарев (Қазақстан) - 2.08;

2.     Сергей Засимович (Қазақстан) - 2.08;

3.     Антон Боднар (Қазақстан) - 2.04.

Биіктікке секіру, әйелдер:

1.     Надежда Дубовицкая (Қазақстан) - 1,84 м

2.     Елизавета Матвеева (Қазақстан) - 1,75 м

3.     Александра Кривицкая (Қазақстан) - 1,75 м.

Соңғы жаңалықтар