Рүстем Құрманов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Құрманов Рүстем Жомартұлы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды prememinister.kz.

Р. Ж. Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2003 - 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында жетекші маман міндетін атқарушы, жетекші маман қызметін атқарған.

2004 - 2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында бас маман болып қызмет еткен.

2006 - 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында бөлім басшысы болды.

2009 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде басқарма басшысы, 2011 - 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінде департамент директоры лауазымдарын атқарған.

2012 - 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде департамент директоры, 2013 - 2015 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарған, «А» корпусы.

2015 - 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының хатшысы, 2016 - 2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің атқарушы директоры - директоры қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар