Руслан Тілеубаев Хайнань турдың екінші кезеңінде Азияның үздік велошабандозы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астананың» велошабандозы Руслан Тілеубаев «Хайнань тур 2016» жарысының екінші кезеңінде жеңіске жетті, мәре сызығын оның соңына ала команда мүшесі Андрей Луценко қиып өтті, деп хабарлайды astanaproteam.kz.

Осы жеңісімен Руслан Тілеубаев негізгі тізімнің екінші орнына көтерілді, ал одан бір секунд кешігіп жеткен Алексей Луценко үздік үштікке тұрақтады.

Кезең қорытындысы бойынша Руслан Тілеубаев Азияның үздік шабандозы ретінде көк майка, ал Алексей Луценко жарыстың үздік спринтері ретінде жасыл майка алды. «Астана» жарыстың үздік командасы атанды.

«Команда жақсы нәтиже көрсетті! Артемге, Мақсатқа, Даниилға, Димаға, Лешеға, Арманға алғыс айтамыз. Барлығы шеберліктері көрсете алды!» - деп мәлімдеді жеңіске жеткен Руслан Тілеубаев.

«Бұл командалық жеңіс, - деді ол, - барлық тактика мен еңбек осы жеңіске бағытталды, біз оны іске асырдық!».

Соңғы жаңалықтар