Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 325.58
EUR 381.51
RUB 5.49
CNY 48.32

Руслан Дәленов Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Руслан Дәленов Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды
2017 жылғы 21 сәуір 11:59 1483

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің №217 қаулысымен Руслан Дәленов ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл жайында аталған министрліктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Руслан Ерболатұлы 1975 жылы 8 ақпанда Астана қаласында туған. Ыстанбұлдағы Мармара университетін бітірген. Еңбек жолын ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кірістерді талдау және болжау департаментінде жетекші маман қызметінен бастады.  Аталған министрлікте басшылық лауазымдарда қызмет етті. ҚР Қаржы министрлігі Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаменті Ағымдағы кірістер басқармасы бастығының міндетін атқарушы, Салық комитеті Кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасының бастығы, Кірістерді талдау департаментінің директоры болды. 2008 жылдан ҚР Қаржы вице-министрі қызметін атқарды.

Басты сөздер: ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Тағайындау,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер