RUSEN: Қазақстан мемлекеттік әлеуметтік саясатта көш бастады

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасы шетелдік сарапшылар тарапынан зор қызығушылыққа ие. Сарапшылар президенттік үндеуді «халыққа тиімді, мемлекетке стратегиялық әрі бәсекеге қабілетті бастама» деп бағалайды. Жақында Түркиядағы Ресейді зерттеу орталығының ресми сайтында саясаттанушы, Йылдырым Баязит университетінің профессоры Салих Йылмыздың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасы туралы сараптама-мақаласы жарияланды. «ҚазАқпарат» ХАА аталған мақаланы оқырманға ұсынады.

RUSEN[GÖRÜŞ]: Kazakistan Cumhurbaşkanı Nursultan Nazarbayev'in 5 önerisine dair görüş

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі мемлекеттік әлеуметтік жоба ретінде аса зор маңызға ие. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы:

-       Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру және тұрғын-үй ипотекасының қалың көпшілікке қолжетімділігін арттыру;

-       Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту;

-       Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту;

-       Шағын несие беруді көбейту;

-       Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру.

Қазақстан Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі тәуелсіз атанған посткеңестік елдер арасында мемлекеттік бюджетті халықпен бөлісіп, мүмкіндіктерді ең тиімді түрде пайдаланған ел деп айта аламыз. Себебі мұнай мен газ арқылы келген табысты ұлттық экономиканы қалыптастыру мен мемлекетті нығайту үшін өте орынды қолданды.

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктері басқа елдерге үлгі тұтарлық деңгейге жетті. Қазақстан өзіне тән даму үлгісін орындап келеді. Аталған даму моделінде әрбір отбасына баспана алу мүмкіндігін беру, жұмысшылардың салық жүктемесін азайту, студент жастарға арналған жатақханалар салу және жатақхана мәселесін толықтай шешу мақсаты, шағын несие арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсету, Қазақстан халқының қалған елу пайызын газбен қамтамасыз ету үшін инвестициялар құю әлем назарын Қазақстанға аударуда.
null 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес бастамасында екі жағдай ерекше көзге түседі. Біріншісі әлеуметтік мемлекет менталитеті, екіншісі - әрбір азаматтың экономикаға қатысты үлесін арттыру әрекеті. «Қазақстан-2050» стратегиясына сай келетін бұл бастамалармен азаматтардың күнделікті тұрмысындағы проблемаларын шешу, Қазақстанның кең ауқымды дамуына бет бұруы, жаһандық бәсекелестік заманында халықты және білімді нәсілді қорғау, іс тиімділігін арттыру, инвесторларға қолдау көрсету әрекеті бар.

Қазақстандағы соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын құру, инновациялық индустрияландыру үрдістері, білім беру саласын қолдау, қалаларда тұрғын үй құрылысы халықтың тұрмысын өзгертті. Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз ететін мемлекет болу бағытында дамуда.

Қазақстан Президентінің 5 бастамасымен әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды бөлшегі тұрғын үй алу мүмкіншіліктерінің жақсаруы тұрғылықты халықтың болашаққа зор үмітпен қарауы және ең маңызды проблемалардың бірі болып есептелетін тұрғын үй қажеттілігін шешуі назар аудартады. Қазақстан бұл тұрғыда тұрғын үй, энергия, көлік және транспорт салаларының дамуына негіз бола отырып қоғамдағы проблемаларды түпкі тамырынан шешуді мақсат етуде.

Қазақстанда қалалық тұрғын үй және білім мен ғылымды қолдауы мемлекет пен экономиканың бірінші кезектегі маңызды мәселесіне айналды. Себебі халыққа қажетті тұрғын үй алаңдарының құрылып дамуымен Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және т.б. қалалардың ғылым орталығы, инвесторлар мен халық үшін тартымды орталық, сапалы білім және денсаулық сақтау қызметтері мен мәдени-әлеуметтік қызмет көрсететін қалаға айналу ықтималдығы артып отыр.
null   

Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы Орталық Азиядағы экономикалық мағынада кәсіпкерлік рухтың дамуына арқау болады. Қазақстан ХХІ ғасырда белсенді экономикасы бар, білімді, баспана мәселесі шешімін тапқан, салауатты азаматтармен жаңа даму үдерісін бастауды қалайды.

Қазақстанға барған кезімізде ұлттық білім беру жүйесінің әр деңгейінің сапасының жаңа сатыға көтеру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын көрдік. Атап айтқанда, Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балалардың 100% мектепке дейінгі балабақшаларда білім алуы көзге түседі. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтердің дамуы да маңызды орын алады. Сонымен қатар, көзге түсетін жайт Қазақстанның ұзақ мерзімді «Мәдени мұра» түсінігінің болуы. Қазақ қоғамының өзінің тарихын, мәдениеті мен дінін сақтап, насихаттау жолындағы жұмыстары, қазақ халқының түркі әлеміндегі көшбасшы рөлін одан әрі орнықтыруда.

Қазақстандағы әлеуметтік мемлекет болуға бағытталған бұл қадамдар білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесін де нығайтуда. Елбасы мүгедектердің проблемаларын басымдықпен шеше отырып, Қазақстанды мүгедектер үшін қолайлы орта жағдайына да келтіріп жатыр.

Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу бағытында сенімді қадамдармен дамып келе жатқан Қазақстан адал бәсекелестік, әділеттілік, алдыңғы қатарлы білім беру жүйесі, сот органдарының үстемдігі, баспана проблемасының шешілуі және жоғары құқықтық мәдениетке ие елге айналды.

Шынтуайтында Қазақстан Президенттің соңғы жариялаған бес бастамасымен халықтың қажеттіліктеріне қарсы қадам жасай отырып, экономика, саясат және әлеуметтік тұрмыстағы кемшіліктерін шешу жолында мүмкіншілік берді. Қазақстанның нақты саясаттарымен халықтың мұқтаждықтарына назар аударуы, үкімет пен қоғамның бір-біріне қаншалықты жақын екендігін көрсетеді.
null 

Қазақстан бір жағынан елдегі даму деңгейін көтеру жолында жұмыс атқара отырып, екінші жағынан қарапайым азаматтардың әлеуметтік күнкөріс деңгейін ескеретін шешімдермен мемлекеттің іргетасын қалауда.

Қазақстан осы жолынан таймаса, 50 жылдың ішінде тәуелсіздігінің түпкі тамыры тереңге жайған, ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін жаңа қоғам қалыптастырады. Өйткені, индустрияландыру, инновация негізіндегі экономикалық даму, жалпы еңбек қоғамы, тарих, мәдениет және тіл бірлігі, ұлттық қауіпсіздік, өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысу, әлеуметтік мемлекет және т.б. мақсаттар қолданыстағы кезеңге өтті. Осылайша, Қазақстан орта тап үлесі басым елге айналады. Мұндай елдің тұрғындары болашаққа сеніммен, бейбіт үмітпен қарайды.

Әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығы және азық-түлік тауарлары бағасының ұдайы өсуі дүние елдерінде шешімін табуы тиіс проблемаға айналды. Бұл үдеріс қазақстандық экономиканың серпінді дамуын бәсеңдетсе де, ондай проблемаларды институционалдық саясат арқылы шешуге Қазақстанның күші жетеді. Мемлекеттің және жеке сектордың ынтымақтастығы, бәсекелестікті арттыру және жергілікті немесе жалпы өндірісті арттыру арқылы елде сергектікті байқауға болады. Осы кезеңде егер мемлекет экономиканы дамыта отырып, қоғамның қажеттіліктеріне маңыз беретін болса, бұл ол мемлекеттің нақты әлеуметтік мемлекетке айналғанын білдіреді.
null 

Әрине, осы тұрғыда қоғамның қолдауы аса маңызды мәнге ие.

Кейбір елдерде ақша табу мақсатымен табиғи газды шетке сататын  кезеңде, Қазақстан Президентінің газсыз отырған тұрғындарға газ құбырын салу жоспары, мемлекет-халық интеграцияның үздік үлгісі болып табылады. Қазақ халқы бірігіп, мемлекет пен халық қол ұстаса барлық қиыншылықтарға төтеп беруге дайын. Қазақстандықтар шынында да бақытты халық. 

null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар