Румынияның іскер топтарын Қазақстанға инвестиция салуға шақырамыз - Қ.Әбдірахманов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Румынияның Сыртқы істер министрі Теодор-Виорел Мелешканумен келіссөздер өткізгеннен кейін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null
«Біз екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың  кең көлеміндегі мәселелерді талқылап, сауда-экономика мен инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылдың көкжиектерін белгіледік. Елдеріміздің қолда бар транзит-көліктік әлеуетін тиімді қолдану саласында ынтымақтасудың терең жолдарын қарастырдық. Бүгінгі таңда  энергетика саласындағы ынтымақтастық сауда-экономикалық байланыстарымыздың басым тарапы болып саналады. Алайда осыған қарамастан сауда салаларын кеңейту және оны қолға алу, әртараптандыру біздің міндетіміз. Еліміздің экономиканы жаңғырту жөніндегі бағдарламасына румын бизнесінің де қатысуына қызығушылық танытып отырмыз. Біз Румынияның іскер топтарын Қазақстанға келіп, инвестиция салуға шақырамыз», - деді Қайрат Әбдірахманов.
null 

Оның айтуынша, тараптар екінші отырысы ағымдағы жылдың қазан айында Бухарест қаласында өтетін Қазақстан-Румыния сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тиімді жұмысына жоғары баға берген. Сонымен қатар екі елдің министрлері мәдениет және білім беру саласындағы қатынастарды жандандыру маңыздылығына  тоқталып, студенттер санын көбейту, академиялық білім өкілдері мен мәдениет қайраткерлерінің өзара сапарларын өткізу жайы қозғаған. 
null 

«Шығыс Еуропа мен Балқандағы маңызды серіктес ретінде Қазақстан Румыниямен арадағы байланыстардың дамуына басым мән беретіндігін атап өткім келеді. Өз кезегінде Румынияның Еуропада Қазақстанның мүдделерін алға жылжытуға дайын  болуына өзімнің ризашылығымды білдіргім келеді. Елдер арасындағы сәтті сұхбаттың нығаюы мен дамуының айғағы ретінде әлемдік сахнадағы өзара іс-қимылды атап өтемін. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығымыз, Астана ЭКСПО көрмесінің  өткізілуі мен Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуы сынды Қазақстанның халықаралық  бастамаларына көрсетілген Румынияның қолдауы үшін алғысымызды  білдіреміз. Мүмкіндікті пайдалана отырып бүгін ресми  ашылуы өтетін Румынияның ЭКСПО-дағы ұлттық күнінің өткізілуіне сәттілік тілеймін»,- деді ҚР Сыртқы істер министрі.
null 

 

Соңғы жаңалықтар