Румынияның екі ойыншысы «Ертіс» футбол клубымен келісімшарт жасасты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық «Ертіс» клубы румындық футболшылар - жартылай қорғаушы Дору Попадюк пен қорғаушы Адриан Аврамиямен келісімшарт жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ертіс» футбол клубы екі румындық ойыншы: 22 жастағы шабуылшы жартылай қорғаушы Дору Попадюк және 25 жастағы қорғаушы Адриан Аврамиямен келісімшарт жасағанын ресми түрле хабарлайды», - деп мәлім етті клубтың баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, Дору Попадюк үшін «Ертістегі» ойын оның мансабындағы алғашқы легионерлік тәжірибе болмақ. Ол тек Румынияның жоғары футбол лигасында ойнаған. Соңғы екі маусымда  «Волунтари» ФК-ның намысын қорғаған.

«Адриан Аврамия өткен маусымда Беларусьтің «Динамо-Брест» клубында ойнап, ел кубогына ие болған. Осы команданың құрамында  Еуропа Лигасының екінші кезеңінің екі матчына да қатысқан», - деп атап өтті «Ертіс» ФК-да. 

Соңғы жаңалықтар