Румыниядағы қазақстандық шахматшылар қауіпсіз жерде - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Румынияда қар құрсауында қалған қазақстандық шахматшылар қауіпсіз жерде. Бұл жайында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Румынияда қазіргі уақытта жергілікті төтенше жағдайлар департаменті мамандарымен бірлесіп, топты тас жол бойында іздестірудеміз. Олар бапкерлермен, балалардың ата-аналарымен байланысқа шықты. Телефон байланысы тұрақсыз. Дегенмен қазіргі уақытта балалардың дін аман және қауіпсіз жерде екендігін анықтауға мүмкіндік туды», - деп жазды Жайнақов.

ҚазАқпаратқа  шахматшылардың ата-аналары мәлім еткендей, олармен консул байланысқа шығып, көмек беруге уәде еткен. Автобус қар құрсауында 5 сағат бойы тұр. Ал жалпы жас шахматшылар мен олардың ата-аналарының автобуста отырғандарына 12 сағат болды. Оқиға орнында 2 техника қар тазалауда.

«Сенімдіміз, шыдаймыз ғой. Тек балаларға сусыз қиын болайын деп тұр», - деді ата-аналары.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатына жол тартқан қазақстандық жас шахматшылар командасы және олардың ата-аналары қардың толассыз жаууынан Румынияда тұрып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар