Румыния ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Бухарестке жұмыс сапары аясында Румыния сыртқы істер министрі Теодор Мелешканумен, энергетика министрі Том-Флорин Петкумен, Туризм министрлігінің мемлекеттік хатшысы Мирча Титус Добремен және ЭКСПО-2017» румыниялық секциясының комиссары Раду Петру Шербанмен кездесу өтті, деп хабарлады ЭКСПО-2017» румыниялық секция комиссарының хатшылығы.

Румынияның сырты саяси мекеме басшысымен кездесуде тараптар қазақстандық-румыниялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен болашағын және екіжақты диалогты тереңдету қадамдары мен оны кеңейту жолдары талқыланды. Мелешкану Румынияның ЭКСПО-2017 көрмесіне аса зер салып отырғанын атап өтті және 2017 жылы шілде айының аяғында астаналық көрмеде Румынияның Ұлттық күнін өткізу жоспары туралы хабарлады.

Кездесу соңында Жошыбаев пен Шербан Румынияның ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы келісімшартқа қол қойды. Қол қою рәсіміне Румынияның сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану және Қазақстанның Румыниядағы елшісі Дәулет Батрашев қатысты. Құжатқа қол қойылған соң, «ЭКСПО-2017» комиссары румыниялық БАҚ-қа брифинг берді.

Соңғы жаңалықтар