Рухани жаңғырудың жаңа белесіне шыққан күн - Асылжан Бүркіталин

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бұл Қазақстан үшін дамудың, рухани жаңғырудың жаңа белесіне шыққан күн. «Жас Отан» Жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асылжан Бүркіталин Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан осындай ой түйді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл Қазақстан үшін дамудың, рухани жаңғырудың жаңа белесіне шыққан күн деп есептеймін. Оған себеп, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегі. Үшінші жаңғыруға ұласқан рухани жаңғырудың басты төрт жаңалығы бар. Біріншіден, ұлттық сана, ұлттық бірегейлік. Екіншіден, латын әліпбиіне көшу. Үшіншіден, жаңа гуманитарлық білім. Төртіншіден, «Туған» жер бағдарламасы. Біріншісі арқылы біз бәсекелестігі технологиялық тұрғыдан ғана емес, ішкі дүниесі де қатар дамыған мәңгілік елге, тәуелсіздігі мызғымас мемлекетке айналамыз. Ұлттық және рухани күші толық қалыптасқан мемлекеттің кез келген бәсекеде аты озары анық. Екіншісі арқылы біз заманауи технологиялық ортаның тап ортасына түсеміз. Өзіміздің ақпараттық қауіпсіздігімізді арттырамыз. Ұлттық және рухани кодымыздың тек жағымды қырларын бойымызға сіңіреміз.

Үшіншісі арқылы гуманитралық білімді жаңалап қана қоймай, әлеуметтік және саяси ғылымдарды құр сөзден жаңа форматқа көшіреміз. Әлемдік әдебиеттерді өз тілімізде сөйлетіп, ғалымдарымыздың кәсібилігін шыңдаймыз.

Төртіншісі арқылы туған жерін, елін сүюді жаңа және жүрекке жақын жол арқылы дамытамыз. Жастарымызды өлкесінен аймағына, аймағынан еліне қызықтырып, қызықтыру арқылы сүйіспеншілдігін көтереміз, жаңа деңгейге шығарамыз», - деді «Жас Отан» Жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асылжан Бүркіталин. Жасотандық зиялы қауым мен мемлекеттік қайраткерлерін, шығармашылық өкілдері мен ғалымдарды сапалы істердің санын еселеуге шақырды. 

Соңғы жаңалықтар