Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі - саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

әрі қарай >>

  • 100 жаңа есім: Үржарлық қазақ ертегілерін ағылшын тіліне аударды
    ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың тұлғалық тұрғыдан дамуына септігін тигізіп, өскелеңге үлгі ретінде ұсынылған «100 жаңа есім» жобасы былтыр жүзеге асты. Әлбетте, жастар арасында үлгіге қоятын тұлғалар еліміздің әр түкпірінде «100 есіммен» ғана шектелмесі анық. Дегенмен, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерімен көзге түскен замандастарымызды дәріптеу, оларды күллі Қазақстанға, қала берді шетелге де таныту қажетті іс. Өйткені, Елбасы айтпақшы «олардың әрқайсысы туралы фильм түсіріп, кітап жазуға болады, өйткені адамдар олардан шабыт алады». Шығыс Қазақстан облысының 11 тұрғыны «100 жаңа есімнің» жеңімпазы атанған болатын. Ел ішінде әр түрлі салада озық шығып, еңбегімен елге танылған азаматтар көпшіліктің дауысына ие болды. Олардың ішінде белгілі ғалымдардан бастап қарапайым шаруалар, қолөнер шеберлері мен ақындар да бар. Солардың бірі - Үржар ауданындағы ағайынды Ержан мен Қуаныш Жұмабеков.  
    2018 жылғы 10 ақпан 14:43
  • ары қарай