Рухани жаңғыру: Маңғыстауда бір жылда нендей жұмыстар атқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бүгінде ұлттық идеологияның өзегіне айналды. ҚазАқпарат тілшісі бағдарлама аясында Маңғыстау өңірінде бір жылда атқарылған игілікті шараларға шолу жасаған болатын. 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисі құрылып, құрамына тәжірибелі мамандар тартылды. Дәл осы өкіммен құ­рылған өңірлік сараптау  кеңесі­нің құрамында ғылым мен білім, мәдениет пен өнер, БАҚ саласының мамандары, қоғам белсенділері, жал­пы саны 25 адам жұмыс жасайды. Кеңес 2017 жылғы мамыр айынан бері 11 рет отырысын өткізді. «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасының ішіндегі арнайы жобаларды іске асыру, білім, мәдени іс­-шаралар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатымен құрылған өңірлік комис­сияда 6 рет кеңейтілген отырыс ұйымдастырылды.


null null 

Қоғам қайраткері, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кеңесшісі Есберген Іңірбаевтың айтуынша, мақала дер кезінде жазылған еңбек. Өйткені ел дамуы рухани жаңғырмайынша экономикалық жаңғыра алмайды. Адам рухы ұлтты қалыптастырмайынша, өркениетті ел қатарына қосыла алмайды.  Сондықтан мақаладағы әрбір бағыт қазақ елінің болашағына, жастардың дамуына жасалған тың қадам. Жаңғырудың басты шарты - ұлттық өркениетті сақтай білу. Тарихи-дәстүр мен озық тәжірибені сабақтастыру. Сүрленіп қалған сананы рухани шыңдау.

«Бұл мақала Елбасының қазақстандықтарға айқындап берген бағыты. Сондықтан Маңғыстаудың зиялы қауымы мақала аясында жүзеге асқан әрбір шараны қолдайды, оған жетекшілік етеді», - дейді ол.

null 

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің басшысы Гүлайым Азан бір жылдың ішінде Маңғыстауда атқарылған жұмыстарды сараптап берді.

Оның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы төрт кіші бағдарламадан тұрады - «Ата­мекен» - қазақстандықтардың азаматтық белсенділік пен жауапкершілік сезімін нығайту, туған өлке­сінің тағдырына араласу; «Рухани қазына» - сыйластық дәстүрлеріне, жер мен ел тарихына, мәдениетіне қызығушылықты жаңғырту; «Тәрбие және білім» - жан­-жақты әрі үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу; «Ақпарат толқыны» - бағдарламаны іске асыру барысы туралы халықты ақпараттандыру, азаматтардың қоғамдық мониторингі жүзеге асы­рылатын жобаларға қатысу үшін ақпараттық инфрақұрылымды құру. 

«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында тізімге енген барлығы 118 іс-шараның былтыр 59-­ы жүзеге асырылған.  Биыл 59 шарасы  жоспарда тұр. Негізгі мақсат - табысқа жеткен өкілдер мен ауылдық мекендерден шыққан азаматтардың (бизнесмен, шенеунік, жастар және т.б.) көмегі­н қолдау, жергілікті биліктің бірлескен жұмысы, демеушілік көмек тетіктерінің оңтайлы түрін іздеу.

Мәлім болғандай, демеушіліктің нәтижесінде облысқа қарасты қалалар мен аудандардағы 50 орта мектеп спорттық инвентарьлармен, 4 арнайы түзету мектебі қажетті құрал­-жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, облыстық емханаларға қажетті ме­дициналық құралдар алынып берілді. Ақтау қаласына воркаут, баскет­бол, скейтпарк, футбол, стрейтбол, көше тренажерлары, балалар алаң­дары тарту етіліп, «Шығыс» ша­ғынауданында 500 орындық жас мамандарға арналған жатақхана пайдалануға берілді. Жаңаөзен қа­ласы үшін Каспий жағасындағы Фетисов аумағынан демалыс алаңы салынды. Гемодиализ орталығы қыз­меті ұйымдастырылды (2018) және қалалық денсаулық сақтау қызмет­керлері автокөліктермен қамтама­сыз етілген.
null 

Өңірде «Атамекен» кіші бағдарламасының аясында «Асар» қайырымдылық акциясы өтті. Бірінші кезең желтоқсан айында жарияланып, нәтижесінде 30 миллионнан астам қаржы жиналды, үш жарым мың отбасына (3500) көмек көр­сетілді. Екінші кезең Елбасының жарлығымен жарияланған Алғыс айту күнінде «Жомарт жүрек» деген атаумен жалғасты. Оның аясында 25 млн теңгеге 3 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасының қажеттіліктері өтелді. Наурыз айының соңында «Асар­ жо­март жүрек» қайырымдылық шара­сы қорытындыланып, жалпы сомасы 55 млн теңгеге 6 300 отбасы көмек алды. Олардың қатарында ауыр сыр­қатқа шалдыққан сәбилер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, қарттар үйіндегі қариялар, әлеуметтік аз қамтылған отба­сылар, жалғызбасты аналар мен қамқоршысынан айырылған балалар бар. Бейнеу ауданында әлеуметтік жағдайы төмен 3 үйдің құрылысы аяқталып, жылуы тартылды.

null null 

Сонымен бірге, «Туған жерге тағзым» акция­сы ұйымдастырылды.  Мақсаты - әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, өңірде туған азаматтар мен жергілікті бизнес есебінен әлеуметтік нысандарды, жаңа тех­нологияларды сыйға тартуды қаржыландыру. Мәселен, Бейнеу ауданында Тұрыш ауылының түлектері туған ауылы­на «Демалыс паркін» тарту етті. Аудан орталығында «Жұбайлар бағы», Боранқұл ауылында 200 орындық спорт алаңы салынып, мектепке спорттық жабдықтар сатып алынды. Маңғыстау ауданы­ның Шетпе ауылында «Азамат» спорт кешені, сауықтыру, жүзу бассейні, Жыңғылды ауылында Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің жанынан баскетбол, волейбол алаңы салынды.

Т.Жалғасбайұлы атындағы Шайыр орта мектебінде «Жылы жүрек - жомарт қол» акциясы өтіп, кәсіпкер, меценат, осы мектептің түлегі С.Мұсабаев мұғалімдер күні ме­рекесі қарсаңында 6  зейнеткерге 50 000, бүкіл  мектеп ұжымындағы 100 адамға 25 000 теңгеден, мек­тептің өңірлік, республикалық са­йыс жүлдегерлеріне тұрақты түрде сыйақы  тағайындады  және  2 млн 500  мың  теңгенің   сертифика­тын мектеп ұжымына табыстады. Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында «Иса» спорт кешені, Басқұдық ауылында «Мұхамбет» медициналық орталығы салынды.  Түпқараған ауданында Таушық ауылының Шахта орта мектебінің 1997 жылғы түлектері шағын саябақ тарту етті, ал Таушық ауылына әмбебап спорт алаңы салынды.
null

null  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын жүзеге асыруға еріктілер тартылды. Осы бағытта былтырғы 1-15 қараша күндері облыстың барлық қалалары мен аудандарында еріктілер қозғалысын құру, «Рухани жаңғыру - жастар керуені» экспедициясы ұйымдастырылды. Облыстың екі қала, бес ауданында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Халық батырларының ұрпақтары Ақтау қаласында қазақ күресінен Шоғы Мұңалұлы атындағы батыс аймақтық және халық батыры Шотан Назарұлын еске алуға арналған дзюдо күресінен республикалық ашық турнирлер өткізді. Қала-аудандарда өңірден шыққандардың слеті мен форумы жоспарланып, меценаттардың қатысуымен әлеуметтік жобаларды іске асырудағы үздік тәжірибелерін тарату жүзеге асырылуда.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасының үш базалық бағыты бар: «Туған жер - туған ел», «Қасиетті Қазақстан», «Қазақстанның мәдени жетістіктері». Осы  бағыттарда 2017 жылы облыстан 70 іс-шара ұсынылып, тізімге енді, олардың 11-і орындалды. 2018 жылға жоспарланған іс-шаралар саны - 53, қаңтар-сәуір айлары аралығында орындалғаны - 3.

Бағдарлама аясында аймақта мәдени шаралар жиі ұйымдастырылуда. Мәселен, «Отпан тау - рухани дәстүріміздің негізі» атты Амал мерекесі республикалық деңгейде тойланды. Ақын Сабыр Адайдың шығармашылығына арналған «Алтынзер», Есенғали Раушановтың 60 жас мерейтойына орай «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ», Светқали Нұржанның «Бабатүкті боз дала» атты әдеби-шығармашылық кеші,  Ұзақбай жырау Қазжанұлының 120 жылдық мерейтойына орай, «Жеті қайқы, бес жүйрік» өңірлік мәдени төлтума брендін насихаттау мақсатында республикалық «Жүйрігің едім өнерлі...» жыршылар конкурсы, Әзербайжан, Иран, Ресей және Қазақстан елдерінен театр ұжымдары қатысқан Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестивалі, А.Әшімовтің 80 жылдығына арналып ұсынылған Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» спектаклі қойылды. Жоспардағы «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» атты Маңғыстау өңірінің дәстүрлі музыкалық мәдениетінің сайты, Мұрат Өскінбайұлы атындағы Халықаралық халық аспаптарында күй орындаушылар конкурсы, С.Қондыбайдың 50 жылдығына орай «С.Қондыбай шығармашылығы және XXI ғасырдағы гуманитарлық ғылымдардың жаңа парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Түп-төркінін төрге оздырған Маңғыстау» этнографикалық фестивалі іс-шараларына қаржы бөлініп, өткізу мерзімдері нақтыланған. Сондай-ақ «Жыл адамы», «Жыл мұғалімі» конкурстары өтті.

null null 

Ішкі туризмді дамыту және халыққа таныту бойынша «Көгез» этноауылы жобасы іске асырылды, «Экологиялық теңіз туризмі және Каспийдің экологиясын сақтау - болашақтағы жетістік кепілі» көшпелі халықаралық семинары өтті. Бұған қоса Халықаралық туристік форум, «Aktau City & Mangystau Tour» жобасы мен Маңғыстау облысы туризм басқармасының mangystau. info сайты және «MTravel» мобильдік қосымшасын әрі қарай жаңарту жұмыстары және туроператорлар, БАҚ үшін ақпараттық турлар ұйымдастырылды.

Латын әліпбиіне көшу тақы­рыбында түрлі форматтағы облыстық, республикалық деңгейдегі 14 іс­-шара өткізілді. Ла­тын әліпбиінің тиімді нұсқасын таңдауда маңғыстаулық ғалымдар белсенділік танытып, математик ғалым, өнертапқыш, ардагер ұстаз Қуантқан Ванов өз жобасын ұсынды. 

Соңғы жаңалықтар