Рухани жаңғыру: Ертіс өңірінде жаңа жоба бастау алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертіс өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұңғыш рет «Ертіс Star» жобасы қолға алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.

Бұл туралы агенттікке облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков айтты.

«2017 жылы 22-желтоқсан күні алғаш рет жобаның ашылуы Успен ауданының  Тобылжан ауылында өтті. Мұнда барлығы 35 адам іріктелді. Олардың арасында 23 жастағы ауыл тұрғыны Асқар Дүйсекеев пен 13 жастағы оқушы Сабрина Достова эстрада жанрында және домбырамен халық әнін орындаған мәдениет үйінің жас маманы Жауын Құнанбай ерекше көзге түсті», - дейді Ардақ Райымбеков.

Байқауға бойында таланты бар 12-29 жас аралығындағы кез келген жас қатыса алады. Ән, күй, музыка, би және басқа жанрдағы дарын иелерін айқындайтын облыстық «ЕртісStar» жобасы өңірдегі барлық аудандар мен  үш қаланы қамтиды. 

Соңғы жаңалықтар