Рухани жаңғыру: Биыл Қарағанды облысында 238 жоба іске асырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ел бойынша ең үлкен пул ұсынды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Бұл жайлы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша аймақтық жобалық кеңсенің жетекшісі Гүлнәр Құрбанбаева мәлімдеді. 

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы - Елбасының бастамасымен қабылданған ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Ол салалардың барлығын қамтуымен ерекшеленеді. Бұл жоба қоғамның идеологиялық платформасы іспеттес, - деді Гүлнәр Құрбанбаева аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында. - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалпы республикалық реестріне енген жобалардың саны бойынша Қарағанды облысы ең үлкен пул ұсынып отыр. 2017-2022 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланып отырған жалпы сомасы 12,3 млрд теңгені құрайтын 430 жоба, қосымша жоба және шаралар құрылған.
Қаржыландыру түрлі көздерден жұмылдырылады деп жоспарлануда: бюджет, демеушілер, ЖОО және т.б.
Жобаларды іріктеу үшін 2017-ші жылы аймақта Азаматтық бастамалар күндері өткізілді. 

- Осындай төрт күн өткіздік, олардың екеуін біз жылжымалы түрде ұйымдастырдық. Шараның мақсаты - біздің жерлестерімізді қандай мәселелер толғандыратыны, өз ауылдарында, облыста, жалпы елімізде нені өзгерту маңызды екенін түсіну болды, - деп атап өтті Гүлнәр Құрбанбаева. - Ортаға салынған 40-тан астам бастама жобалық кеңсенің өңдеп, талқылауына түсті, нәтижесінде олардың басым бөлігі реестрге енгізілді. 
Облыста сонымен қатар құрамына ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлер енген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша сараптама кеңесі құрылды. 

2017-ші жылы 169 жоба және құны 2,3 млрд теңгені құраған акциялар іске асырылды. Бұл сомадан 1,8 млрд теңгені бизнес салымдары құрады. Жобалық кеңсенің бағамдауы бойынша олардың арасында анағұрлым маңызды болғандары: ғұлама қоғам қайраткерінің 350 жылдығына арналған «Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: Бабаларға тағзым» атты халықаралық автокеруен; «Шеберлер қалашығы - Город мастеров» шеберлер арт-фестивалі. Сонымен қатар Қарқаралыда жас туристер станциясы ашылды. Оқу жылының басында Теміртау қаласының 10 мыңнан астам оқушылары өз-өздеріне болашаққа хат жазды - бұл акцияға ешқандай шығындар қажет болмады. 

- Біз акциялар құр көзбояушылық үшін ғана жасалмауына ұмтыламыз. Ұйымдастырушылармен жұмыс атқарамыз, адамдарға ол не үшін қажет екенін түсіндіруге шақырамыз - адамдарды құр босқа жинаудың қажеті жоқ. Егер пайдал іс-әрекет коэффиценті туралы айтар болсақ, 10 шараның 9-ы жақсы нәтиже берді деп ойлаймын, - деп санайды жобалық кеңсенің жетекшісі. 

2018-ші жылға 4,7 млрд теңгеге 238 жобаны іске асыру жоспарланған. Олар бағдарламаның төрт бағыты бойынша таратылған: «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны». Алдағы жоспарда: Қарағандыда балалар туризмін дамыту орталығын ашу; Балқаш қаласында мүгедектерге көліктік көмек қызметін құру; облыстың танымал спортшыларының қатысуымен «Туған жер» спорттық керуенін ұйымдастыру; археологиялық картаны басып шығару; «Қарағандының театралды музыкалық түндері» халықаралық фестивалін өткізу және т.б. 

Соңғы жаңалықтар