«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы Президенттің жеке бақылауында - Әділбек Жақсыбеков

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық сананы жаңғырту - ұзаққа созылатын процесс. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы барысында  ол   «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы Президенттің жеке бақылауында тұрғанын баса айтты.

«Қоғамдық сананы жаңғырту және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру - барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде азаматтық қоғам институттарының, ғылыми, шығармашылық зиялылардың белсенді қатысуын талап ететін ұзаққа созылатын процесс», - деді Әділбек Жақсыбеков.

Айта кетерлігі, отырыс барысында ҚР Прзиденті Әкімшілігінің басшысы қазақ әліпбиін латынға көшіруде науқаншылдыққа жол бермеу керектігін баса айтты. 

Соңғы жаңалықтар