Рухани жаңғыру: Ақ Еділ Қожа мазары

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Туған жер» арнайы жобасының аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстағы ең танымал тарихи ескерткіштерді жариялауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Ақ Еділ Қожа мазары - ХІХ ғасырдың теңдесі жоқ діни сәулет ескерткіші. Оның пішіні өте қарапайым болып келеді. Бұл дөңгелек ғимарат көшпелі қазақтың киіз үйіне ұқсайды. Мазар пішіні киіз үй тəрізді тұйық өлшемі сақталған. Күмбезді төбесінің үстіңгі бөлігі опырылған, аркалы есіктің кіру көлемі жартылай бұзылған. Негізінің күмбезді сегіз қырлы кесененің аймақтық типін сипаттайды, жоспардағы мөлшері 7,8 х 7,6 м, жалпы биіктігі 5 м. шығыс жағындағы ішкі бөлмеге кіретін есік сыртқы тік бұрыш формасында орындалған, жоспардағы биіктігі 3,5 м, адам мүсіні кескініндегі аркалы өтпегі (биіктігі 2,5 м) бар.
Ақ Еділ Қожа мазары Ақмола облысы, Қорғалжын ауданының Жұмай ауылында орналасқан. Ол исламды бүкіл Қазақстан аумағына таратқан миссионер болған. Негізінде, бұл кесене Жалмағанбет қажы мазары деп аталады. Ақ Еділ Жалмағанбет қажының баласы.  

Соңғы жаңалықтар