Рудныйда жоғалған әйелді полиция, ұлттық ұлан, студенттер мен жұмыскерлер іздеуге шықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйлық полицейлер мен Ұлттық ұлан сарбаздары осыдан бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен Виктория Курочкинаны іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еріктілер 7 қазан күні 8:30 сағат шамасында Қашар елді мекеніндегі полиция бөлімшесіне жиналады. Рудный қалалық ІІБ бөлім басшысы Олжас Сүлейменовтің айтуынша, күн сайын Виктория Курочкинаны іздеу үшін 140 полиция қызметкері жұмылдырылады. Іздеуге ниет білдіргендердің қатарында білім басқармасы, колледждер, ТЖ департаменті қызметкерлері де бар.

Еске салсақ, 26 қыркүйек күні Рудный қалалық ІІБ кезекші бөліміне екі баланың анасы В.Курочкинаның жоғалғаны туралы ақпарат келіп түсті. 

Сондай-ақ, «Соколов-Сарыбай» кен байыту орнының 30 жұмыскері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланға қарасты  6697 әскери бөлімінің 80 әскери қызметшісі де іздеу шараларына қосылмақ.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК «Кісі өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Виктория Курочкина туралы қандай да бір ақпарат білетіндер мына телефондарға хабарласуына болады:

8 (714-31) 3-31-27, 8 (714-31) 3-30-57, 87754100005, 87754100010, 87752820312 немесе 102.

Соңғы жаңалықтар