Рудныйда әйел адамды көлік қақты

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Рудный қаласында 30 жастағы әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь айтқандай, оқыс жағдай Ленин - Марите көшелерінің қиылысында болған.

«Ваз 2101» автокөлігін мінген 68 жастағы ер адам жаяу жүргіншілер жолағында 30 жастағы әйелді қағып кетті. Ауыр соққы алған әйел қалалық аурухананың жарақаттану бөліміне жеткізілді. Аталған факт бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», - деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, 29 сәуір күні дәл осы жол қиылысында  Жітіқарадан келе жатқан микроавтобус BMW автокөлігіне соғылды. Салдарынан 25 жастағы жігіт көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар