Рудныйда 9-қабаттан секірмек болған қыз құтқарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Рудный қаласында полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған 22 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина түсіндіргендей, «бүгін түнде Рудный қалалық ІІБ жедел басқару орталығынан аға сержант Азамат Оспанов пен кіші сержант Батыржан Ұзақбай отбасылық жанжал туындаған Корчагин көшесіндегі үйлердің біріне жіберілді. Баспалдақ алаңында полицейлерді әйел күтіп алып, көршісі отбасылық ұрыстан кейін шатырға көтеріліп кеткенін хабарлаған».

Тәртіп сақшылары қыздың соңынан беттейді. Шатырға бірінші болып кіші сержант Батыржан Ұзақбай шығады. Ол қызды секірмеуге көндіру үшін тырысып бағады. Қыз оны тыңдаудан бас тартады. Осы кезде шатырға екінші полицей Азамат Оспанов көтеріледі. 

«Ол әріптесімен бірге қызға білдіртпей жақындап, оны шатырдың шетінен түсірмекші болады, - дейді Е. Кашарина. - Полицейлер бірнеше секундтың ішінде оны қауіпсіз жерге алып шықты».

Кейін анықталғандай, қыз сүйіктісімен жанжалдасып, суицидке бармақшы болған. Зардап шегушімен психологтар жұмыс жасауда. 

Соңғы жаңалықтар