Рудныйда 6 жасар қызды зорлаған педофил іздестіріліп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйда 6 жасар қызға азғындық жасады деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Рудный қалалық ІІБ кезекші бөліміне 41 жастағы әйел қоңырау шалып, қызын белгісіз ер адамның зорлап кеткенін айтады.

«Полицейлер осы іске байланысты 65 жастағы зейнеткерді күдікті есебінде анықтады. Қазіргі уақытта жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженар «ҚазАқпарта» ХАА тілшісіне.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК 124-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар