Рудныйда 5 жасар баланы көлік қағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы Рудный қаласының тұрғыны мен немересін көлік соғып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Оқиға 19 қыркүйек күні таңертең сағат 8-де болған.

30 жастағы «Skoda Rapid» автокөлігінің жүргізушісі өтпе жолда 55 жастағы Рудный қаласының тұрғыны мен оның немересін қағып кеткен. 5 жастағы бала оқиға орнында қаза тапты. Ал əйел ауыр жарақаттанып, қалалық ауруханаға түскен. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар