Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 332.68
EUR 389.40
RUB 5.60
CNY 49.85

Роза Рымбаева ұлының әнін мерейтойлық концертінде шырқайды

Роза Рымбаева ұлының әнін мерейтойлық концертінде шырқайды
2017 жылғы 14 тамыз 01:31 447

АСТАНА. ҚазАқпарат - Инстаграмда Әли Оқапов анасына арнап жазылған әнді репетициялау барысына қатысты видео жариялады.

Жаңа ән Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаеваның Астанада өтетін «Ән-қанатым» атты мерейтойлық концертінде шырқалады.

Айта кетерлігі, биыл қазақстандық эстрада жұлдызы өзінің 60 жылдығын тойламақ.

Танымал әнші әндерді дирижер Александр Абылаев жетекшілік еткен «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыспен орындайды. Кеш қонақтары - Нағима Есқалиева, Бауыржан Исаев, Мөлдір Әуелбекова, Қайрат Баекенов және Әли Оқапов.

«Жарасты жанұя» әнін мен қыста анама арнап шығардым. Өз әніңді эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен  шырқағанда ерекше сезімге бөленесің! Бұл алғашқы дайындық, әлі көңілден шығатын деңгейде емес. Алайда ол әсерлі әрі баурап әкетеді. Астана! Мұны жақында ести әрі  көре аласыздар! Концертте жолыққанша!», - деп жазды Әли Оқапов.
Концерт 17 тамызда сағат 19:00-де «Қазақстан» ОКЗ-да өтеді.

Песня "Жарасты жанұя" которую я написал для мамы этой зимой.Вы не представляете какое это чувство когда твою песню поют с большим эстрадно-симфоническим оркестром! Да,это первая репетиция и все далеко от идеала,но все таки уже слышно и понятно что будет очень богато и насыщенно! Астана! Вы сможете услышать и увидеть все это совсем скоро! 17 августа,19:00 цкз "Казахстан"! Новое шоу Розы Рымбаевой "Ән қанатым" ! До встречи на концерте! #RozaTeam #Ankanatym @rozarymbaeva

A post shared by Али Окапов (@aliokapov) on Aug 12, 2017 at 11:04am PDT

Басты сөздер: Астана, Мәдениет,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер