Роза Рымбаева Астанада өтетін Шығыс Қазақстан күндеріне қатысады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана-ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі алаңында  Шығыс Қазақстан облысының күндері ашылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін түрлі мәдени бағдарламалар күтіп тұр. 

Олардың қатарында ШҚО-ының тумасы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева да бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгін кешкі сағат 18.00-ден бастап «Бәйтерек» монументі алдындағы алаң және «Студенттер» саябағы алдындағы «Желкен» сахнасында ШҚО шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттер өтеді. Сонымен қатар, «Ата-бабалар мұрасы» деген атпен археологиялық жәдігерлер көрмесі мен  «Родной земли - многоголосье» фотокөрмесі өтпек. Ал, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Абай атындағы театр әртістерінің қоюымен Э.Портердің «Поллианна» спектакльінің қойылымы болады. Алдағы жексенбі күні «Қазанат» ипподромында астаналықтар «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешеніне келіп, шығысқазақстандық қолөнер шеберлерінің көрмелерін, өңірдегі өнер майталмандарының қатысуымен өтетін театрландырылған концерттерді тамашалай алады. Шығыс Қазақстан облысы күндерінің ерекшелігі «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағында орналасқан «Амфитеатрда» Шығыс Қазақстан облысынан шыққан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін  «Нұрлы Шығыстан- нұрлы әлемге нұр шашу» атты Гала-концерті болмақ. Гала-концерт 25 шілде күні сағат 21.00-де басталады. 
null

Соңғы жаңалықтар