Роналдуға «Алтын доп» Эйфель мұнарасында тапсырылатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің үздік ойыншысын салтанатты марапаттау рәсімі Париждегі Эйфель мұнарасында өтеді, деп хабарлайды isport.ua Mundo Deportivo басылымына сілтеме жасап.

Марапатты мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду алады.

Сыйлықты тапсыру Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің Реал мен дортмундық Боруссия арасындағы матчтан кейін, 7 желтоқсанда өтеді. Салтанатты рәсімді  Жероме Ревон мен бұрынғы футболшы Давид Жинол жүргізеді.

Бұдан бұрын Криштиану Роналду «Алтын допты» бірнеше рет ұтқан болатын. Ол бұл марапатты 2008, 2014 және 2016 жылдары еншіледі.

Еске сала кетсек, «Алтын доп» сыйлығы 1956 жылдан бері тапсырылып келеді.

Соңғы жаңалықтар