Роналду: Мені 5 матчтан шеттету асыра сілтеу және ізіме түсу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтің "Реал" командасының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду "Инстаграмдағы" өзінің парақшасында бес матчтан шеттетілуіне байланысты пікірін білдірді.

«Менің ойымша, бұл шектен тыс асыра сілтеушілік және жөнсіздік! Бұл ізге түсу дегендік. Әріптестерім мен жанкүйерлеріме қолдау білдіргендіктері үшін рахмет,- деп жазды португаль тілінде Криштиану Роналду.

Еске сала кетсек, 32 жастағы шабуылшы Испания Суперкубогы аясындағы алғашқы матчта  ойын кезінде төрешіні арқасынан итеріп жібергендігі үшін қызыл карточка алған еді. «Реал» бірден апелляцияға берді, бірақ жаза өз күшінде қалды.

«Барселонамен» қарымта ойын 17 тамызды өтеді. Роналду қуылған алғашқы матчта «Барселона» «Реалды» 3:1 есебімен жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар