Роналду әлемдегі кірісі ең көп футболшы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалия құрамасы мен Испанияның «Реал» футбол клубында өнер көрсететін Криштиану Роналду биылғы жылдың ең жоғары жалақы алатын футболшысы ретінде тірелді. Бұл туралы ТАСС France Football журналына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналдың рейтингі жалақы мен сыйақының сондай-ақ жарнамадан келетін кірістерді негізінде жасалған. 32 жасар португалдық бір маусым ішінде €87,5 млн тапқан. Екінші орында «Барселона» командасының форварды Лионель Месси (76,5), үшінші орында осы команданың мүшесі бразилиялық Неймар (55,5) тұр.

Ең жоғары жалақы алатын бапкерлердің көшін ағылшындардың «Манчестер Юнайтед» клубын басқаратын Жозе Моуринью бастап тұр. Ол бір маусымда €28 млн пайда тапқан. Екінші орынға Қытай құрамасының бас бапкері Марчелло Липпи (23,5), үшінші орынға франциялық ПСЖ -ның бұрынғы бапкері Лоран Блан (20) тұрақтаған.

Соңғы жаңалықтар