Ринат Зайытов ШҚО-да өткен республикалық айтыстың бас жүлдесін жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында өткен республикалық айтысты бас жүлдені Ринат Зайытов алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақын Қалихат Алтынбаевтың 90 жылдығына арналған айтыста өткен республикалық айтыстың бір миллион теңгелік бас жүлдесін Ринат Зайытов еншіледі. Ал бірінші, екінші, үшінші орындар Рүстем Қайыртайұлы, Аспанбек Шұғатаев, Серік Қуанғанұлына бұйырды. Аудан әкімінің арнайы жүлдесін көкпектілік Жасұлан Мақаев алды. Қалған ақындар да құр қол қайтпады

Айта кетсек, Қалихан Алтынбаев республикалық айтыстардың жеңімпазы. 1927 жылы 27 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданындағы Малай ауылында дүниеге келген. «Ақындар жыры» (1961), «Айтыс» (3 том, 1966), «Ақындар шықты айтысқа» (1969), «Қазақтың қазіргі поэзиясы» (1975) жинақтарының, «Дала бесік», «Қиял қанатында» жыр жинақтарының, «Қалбатау», «Ақсуат», «Көкпекті» танымдық зерттеу кітаптарының авторы.

Соңғы жаңалықтар