Римдегі бау-бақшаны мигранттар баптайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия астанасының бау-бақша жұмыстарымен мигранттар айналысады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қабылдау орталықтарындағы босқын мәртебесін алуға үміткерлер қаланы көгалдандыру жұмыстарына жауапты. Қазір бірінші топта өз еркімен қызмет еткісі келетін 20 адам бар. Олар үш ай бойы аптасына екі рет бұталарды қырқып, гүл отырғызады. Түскен жапырақтарды тазалап, коммуналдық қызмет көрсетушілерге де көмектеседі. Бұл жұмыс үшін сыйақы қарастырылмаған. Шараны Халықаралық Қызыл Крест ұйымы мен  Рим қаласының әкімшілігі қолға алған. Жобаның басты мақсаты - мигранттарды қоғамдық жұмыстарға тартып, елге пайда әкелу. Италиядағы бюрократияның әсерінен келімсектердің баспана алу жөніндегі өтініштері жылдап қаралады. Ал құжатсыз олар жұмысқа да орналаса алмайды. Қабылдау орталықтарының тұрғындары жаңа кәсіпті үйрену мен ортаға пайда әкелу жөніндегі бастаманы аса қызығушылықпен қабылдады. Қазір екінші топқа жазылу басталды. 

 - Біздің басты мақсатымыздың  бірі - босқын мәртебесін  алуға үміткер азаматтардың жұмыс істеуге ниетті  екенін көрсету. Біз оларды өз қаламызда жақсы қабылдаймыз, ешқандай қысым жасалмайды. Ал олар адал және парасатты азамат ретінде астанамыздың көркеюіне атсалысуы тиіс,-дейді Қызыл Крест ұйымының қызметкері Флавия Куниоло.   

Соңғы жаңалықтар