Римде туристер мінген автобус көпірге соғылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіде, 13 тамызда жолаушылар мінген автобус Римнің оңтүстігіндегі теміржол көпіріне соғылды. la Repubblica хабарлағандай, 18 адам зардап шекті, олардың үшеуі ауыр жарақат алды.

Жүргізуші жол белгісіне назар аудармай, биіктігі автобустан 50 сантиметр төмен көпірден өтіп кетпекші болғаны хабарланады.

Автобуста Франциядан, Ұлыбританиядан келген туристер болған. Сондай-ақ онда балалар да көп болған. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Пойыздар қозғалысына кедергі келген жоқ.

21 қаңтарда Италияның солтүстік шығысында Веронда ірі апат 16 адамның өмірін қиған. Венгриялық автобус бағанға соғылып, бірден өртке оранған. Көлікте 55 адам болған, олардың 39-ы жарақат алды. Жолаушылардың ішінде Будапештке бара жатқан 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер болған.

Соңғы жаңалықтар