Римде Қазақстанның экономика күні өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Римде Италиядағы Қазақстан елшілігі «Festival della Diplomazia» ұйымымен ынтымақтасып, 2016 жылғы 20-28 қазан аралығы Римде өтетін дипломатия фестивалі аясында Қазақстанның экономика күнін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Елшілік өкілдерімен қатар шарада итальяндық «ENI» мұнай-газ компаниясының вице-президенті Дарио Сперанца, «SIMEST» жобалық қаржыландыру мемлекеттік компаниясы институционалдық қатынастар бөлімшесінің басшысы Энрика Рубатто және итальяндық Лация өңірінің және Фрозиноне провинциясының сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдері сөз сөйледі.

Аудитория Қазақстанның 23 жыл тәуелсіздігі ішінде жеткен әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен, инвестиция тарту, елдегі инвестициялық климатты жақсарту саласындағы саясатпен, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасымен, халықаралық бастамалармен, сондай-ақ Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмысымен таныстырылды.

Итальяндық іскерлік орта өкілдері Қазақстанда бизнес жүргізуде өзінің тәжірибесімен бөлісті. Астанада өтетін көрмеге қатысу артықшылықтары мен екіжақты инвестициялық ынтымақтастық перспективалары жайлы айтылды.

Қазақстанның экономика күні шарасына Италияның үкіметтік, іскерлік, мәдени-білім беру, ғылыми орталарының, сондай-ақ БАҚ-тың 80-ге жуық өкілдері барды.

null null 

Соңғы жаңалықтар