Риддерлік жеңіл атлет Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде спорттың аталмыш түрінен жабық кешендегі Қазақстан Республикасы Кубогінің II кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы 400 метр қашықтыққа жүгіру сайысында риддерлік Элина Михина өзінің қарсыласы Светлана Голендовадан Тегерандағы Азия чемпионатында кеткен  қарымтасын қайтарды. Элина Өскемендегі жарыста өзінің қарсыласын жеңіп қана қоймай, 52,53 секунд көрсеткішімен Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Бір-біріне дес бермей келе жатқан қос мықты бәсекелестіктің арқасында әлемдік  нормативті орындап тастады.

Сайысқа Қазақстанның барлық облыстарынан бөлек, Қырғызстаннан да жеңіл атлеттер келді. Екі күнге созылатын бәсеке барысында жеңіл атлетиканың 16 бағыты бойынша үздіктер анықталатын болады.

«Бұл жарыс спортшылардың тәжірибе жинақтауларына үлкен мүмкіндік. ҚР Кубогін біз үш кезеңге бөлдік, әрқайсысында қатысушылар Әлем чемпионатында бақ  сынауға жолдама иелену үшін нормативтер орындай алады», - деді жарыстың бас төрешісі Александр Круглов.

Турнир жеңімпаздары 1-3 наурыз аралығында Англияның Бирмингем қаласында өтетін жабық ғимараттағы Әлем чемпионатына қатысады.

 

 

Соңғы жаңалықтар