Риддерде қар көшкінінен ер адам қаза болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Риддер қаласынан 6 шақырым жерде көшкін астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша 1958 жылғы ер адам кеше таңғы сағат 10:30-да шаңғымен қала шетіне шығып кетіп, оралмаған. Марқұмды көлемі 60 текше метр қар көшкіні басып қалған.

Бұл өңірде 7-11 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі болатыны жергілікті телеарна арқылы хабарланған болатын.

«Риддерден  6 шақырымда жатқандықтан, бұл аумақ «Қазселденқорғау» мекемесінің қызмет аясына кірмейді, маңайында автожол жоқ. Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің мамандары марқұмның денесін Риддерге жеткізді» делінген ТЖД таратқан ақпаратта.

Төтенше жағдай қызметі облыс тұрғындарына көшкін қаупі жайында ескерту берілген мезгілде тауға шықпауға кеңес береді.
null

Шыққан күннің өзінде топпен жүріп, рация немесе ұялы телефон арқылы өзара байланыс орнату мүкіндігін қарастырған абзал.

«Қазселденқорғау» мекемесінің облыстық филиалы көшкіннің түсуіне әуесқой аңшының өзі себепкер болуы мүмкін деген болжам айтады.

«Ақпан айында ғана Риддер қаласында көшкін қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға ескертпе ақпараттар таратқанбыз. 7-11 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі бар екені телеарна арқылы да, жергілікті аңшылар одағына да ескертілген. Соған қарамастан марқұм тауға шыққан. Тау бөктерінен қиғаштай өткен кезде қардың көбесі сөгіліп кеткен болуы керек»,  - дейді филиалдың басшысы Омар Дүзгенбаев.

«Таудағы қайғылы оқиғаларға көбінесе мұндай серуенге арнайы дайындығы бар адамдар ұшырайды. Олар не өздерінің мүмкіндігін асыра бағалайды немесе бейқамдық салдарынан жағдайды толық бағамдамайды» - делінген хабарламада.

null

Соңғы жаңалықтар