РФ Мемдумасы мен ЕОПА депутаттары Сирияға барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ мемлекеттік Дума және Еуропа одағы Парламенттік ассамблеясының депутаттары және ассамблея төрағасы Педро Аграмунт Сирияға келді. 

Делегацияны РФ мемдумасының вице-спикері  «Единая Россия» фракциясының көшбасшысы Владимир Васильев бастап барды, деп хабарлады «РИА Новости».

«Біз бұл сапарға еуропалық әріптестерімізді - ЕОПА мүшелерін шақырдық», - деді Васильев.

Дамаск қаласына ұшып келген Мемлекеттік Дума комитетінің халықаралық істер бойынша төрағасы Леонид Слуцкий еуропалық тараптан делегация құрамында Бельгия, Сербия, Испания, Чехия және Италияның 10 парламентшісі келгенін атап өтті.

Сонымен бірге, Слуцкий делегацияны Сирия президенті Башар Асадтың қабылдайтынын және Сирия Халық кеңесінің спикері Хадия Аббаспен келіссөздер жүргізілетінін айтты.

 «Бұл кездесулер аясында біз сириялық реттеулер мәселелерін және бұл процестегі, Женевадағы, Астанадағы келіссөздерде айқындалатын мәселелерді шешудегі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарарын жүзеге асырудағы парламенттік өлшемнің ықтимал рөлін талқылағымыз келеді», - деп түсіндірді комитет басшысы.

Соңғы жаңалықтар