РФ-да Орталық Азияның 7 тумасы терактіге қатысты күдікпен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі Санкт-Петербургтегі терактіні ұйымдастыруға әрекеттенді деген күдікпен Орталық Азия республикаларының 7 тумасын ұстағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«РФ Федералды қауіпсіздік қызметі 2017 жылғы 28 шілдеде Санкт-Петербургтегі теміржол көлігінде және адам көп шоғырланған орындарда лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыруға әркеттенді деген күдікпен Орталық Азия өңірлерінде туған 7 адамнан құралған топты ұстады», - деп хабарлады ФҚҚ.

Ұсталғандармен тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде. ФҚҚ-да тергеудің жүріп жатқандығына байланысты ұсталғандар туралы айтылмады.

Еске салайық, 3 сәуір күні Санкт-Петербургтегі метрода жанкешті өз-өзін жарып жіберіп, салдарынан 15 адам құрбан болған еді. 

Соңғы жаңалықтар