РФ әскери авиациясы «Союзды» қондыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстанға келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің әскери авиациясы мен Орталық әскери округінің (ОӘО) машина-амфибиясы 14 желтоқсанға жоспарланған «Союз МС-05» транспорттық басқарылатын кемені іздеу-құтқаруды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жедел әуе айлақтарына келді, деп хабарлайды ТАСС.   

«Оны қондыруға Ми-8 12 тікұшағы, Ан-26 үш ұшағы мен Ан-12 екі ұшағы, сондай-ақ 18 автотехника тартылды. Операцияға жеке құрамның 200-ден астам адамы, соның ішінде Орталық әскери округтің әскери медиктер бригадасы қатысады. Техника Қазақстан Республикасының жедел әуе айлақтарына жеткізілді», - деп хабарлады Орталық әскери округтің баспасөз қызметінде.

14 желтоқсанда құрамында ресейлік ғарышкер Сергей Рязанский, NASA астронавты Рэндолф Брезник пен ESA астронавты Паоло Несполи бар халықаралық экипаж Жерге оралады. 

Соңғы жаңалықтар