Режиссер Талғат Жәнібеков сотта кінәсін мойындады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотында «Феникс» фильмі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында фильм режиссері Талғат Жәнібеков пен айыпталушы, Данияр Әбдіқадыров кінәсін мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Судья Тәкен Шакировқа Талғат Жәнібековтің жұбайы айыпталушы тарапынан мемлекетке 200 000 теңге төленген түбіртекті табыс етті. Жәнібековтің адвокаты жағдайлары жеткенінше ақша төлеп отырғанын айтып, қорғауындағы Талғат Жәнібековтің кінәсін мойындайтынын айтты. Бұл мәселені судья Талғат Жәнібековтің өзінен сұрады.

«Кінәмді толығымен мойындаймын», - деді Т.Жәнібеков.

Сонымен қатар, айыпталушы Әбдіқадыров кінәсін мойындап, «Феникс» фильмі барысында сатып алынған графикалық түсірілімдер жасайтын бағалы компьютерді құзырлы ведомствоға қайтарып беретінін айтты. Бірақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Естияров компьютерлердің жағдайын тексеру қажеттігін мәлім етті.

Еске сала кетейік, Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросының мәліметіне сәйкес, «Феникс» көркем фильмін түсіруге арналған 79 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС есеп-шотына аударылып, сол арқылы 69 млн теңгесі ұрланған. Ал аталған фирманың құрылтайшысы - картинаның бас  продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов.

Сотталушылар орындығында 9 адам отыр: олар «Феникс» кинокартинасының бас продюсері, Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, кинофильмнің режиссері Талғат Жәнібеков, атқарушы продюсері Наталья Юдина, редакторы Ғизат Сұлтанов, «Феникстің» дайындық кезеңіндегі түсірілім тобының директоры Мәрлен Әбішев, «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы» АҚ-ның топ-менеджері Гауһар Ысқақова, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі Данияр Әбдіқадыров, жеке кәсіпкер Илья Коробейников және кинокартинаның екінші режиссері Бижан Әбішев. 

Соңғы жаңалықтар