Рейхерд: Келесі олимпиадаға қатыспауым мүмкін

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиадада қола жүлдегер атанған  Юлия Галышеваның қатысуымен өткен баспасөз отырысында фристайлшы Дмитрий Рейхерд келесі Олимпиадаға қатыпауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бұл Олимпиадада жолым болмады. Енді келесі төртжылдық додаға қатыспауым мүмкін. Себебі, оған дейін жасымда келеді. Жастарға орын беруім керек. Мүмкін, үлкен спорттағы мансабымды аяқтайтын шығармын. Бірақ, алдағы күндері осы жылғы қысқы маусымды толығымен аяқтайтын боламын", деп әңгімесін қысқа қайырды.

Негізі кеше қазақ елі Дмитрий Рейхердтан жүлде күткені жасырын емес. Алайда, ол екінші финалдық кезеңде қателіктерге бой алдырып, жүлделі орынға таласу мүмкіндігіне ие бола алмады.

Соңғы жаңалықтар