Революция жеңді: Ленин Эквадор президенті атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадор президенті Рафаэль Корреа сайлаудың алғашқы алдын ала ресми нәтижесінен соң оңшыл күштің жеңіліс тапқанын мәлімдеді.

Ұлттық сайлау кеңесінің алдын ала деректері бойынша, 91,88% дауыстың 51,04% билік басындағы блоктың кандидаты Ленин Мореноға тиесілі, ал оның қарсыласы оңшыл күш атынан шыққан Гильермо Лассо 48,96% дауыс жинаған.

"Ұлы отанымыз үшін үлкен жаңалық: Эквадорда революция жеңіске жетті, оңшыл күш миллиондары мен БАҚ-қа қарамастан екі пайызға жеңілді. Ленин - президент", - деп жазды Корреа өзінің Twitter микроблогына.

Корреаның пікірінше, бұл оңшылдардың рухани жеңілуі. «Бұл жазасыз қалмайды», - деп уәде берді биыл мамыр айында биліктен кететін мемлекет басшысы. 

Соңғы жаңалықтар