Реванш: Головкин мен Альварестің келіссөздері аяқталуға жақын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада Головкин мен Альварес арасындағы реваншты ұйымдастыруға қатысты келісім рәсімделуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Golden Boy Promotion» компаниясының президенті Эрик Гоместің айтуынша, Головкин мен Альварестің қарымта жекпе-жегін ұйымдастыруға қатысты келіссөздер аяқталуға жақын. «Біз реваншқа басымдық беріп отырмыз. Қазіргі кезде келіссөздерді аяқтауға жақындап қалдық. Соңғы детальдар бар. Оны да реттей аламыз деп ойлаймын. Негізгі мақсатымыз - реваншты ұйымдастыру. Осы аптада келісімге қол қойсақ, бірден жариялаймыз», - деді Э.Гомес Boxingscene.com сайтына берген сұxбатында.

Айта кетейік, бұған дейін GGG-дің промоутері Том Леффлер де реваншқа қатысты келіссөздердің жүргізіліп жатқанын жеткізген болатын. Оның сөзіне қарағанда, қарымта жекпе-жек өтетін орын әлі анықталған жоқ.

«Келіссөздер сәтті аяқталса, реванш 5 мамырда өтеді. Жекпе-жек қай жерде ұйымдастырылады? Ол жағын әлі де пысықтауымыз қажет. Фанаттар үлкен айқасты көргісі келеді. Алайда «Канело» жағынан бірқатар мәселелер реттелуі тиіс. Соңғы шешімге жетеміз деп ойлаймын», - деп атап көрсетті Т.Леффлер.

Соңғы жаңалықтар