Республиканың үш облысында жолдар жабық күйінде қалуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың үш облысында автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінен хабарлады. 

Қарағанды облысында еріген қар суының тасуы салдарынан 13 сәуірден бері «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» республикалық маңызы бар автожолының 139, 141 және 169-шақырымдары (17-215 шақырым аралығы, Қарағандыдан Қарқаралыға дейін) барлық автокөлік түрлері үшін жабық тұр.

Солтүстік Қазақстан облысында еріген қар суының тасуы салдарынан 16 сәуір күні «Жезқазған-Петропавл» (671-700 шақырым аралығы, Тоқсан би - Новоишимское ауылдары), «Екатеринбург-Алматы» (729-768 шақырым аралығы, Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан би) автожолдарында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ Қостанай облысында еріген қар суының тасуы салдарынан 16 сәуір сағат16:00-де «Екатеринбург-Алматы» (686-729 шақырым аралығы, Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы) республикалық маңызы бар тасжолында барлық автокөліктің қозғалысына тыйым салынды. 

Соңғы жаңалықтар