Республиканың төрт өңірінде боран салдарынан жол жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазавтожол» РМК Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында республикалық маңызы бар жолдар  жабылғанын хабарлады.

Бүгін Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі), Щучинск-Макинск бағытында («Астана-Петропавл» 231-197 шақырымы) көліктің барлық түріне жол қозғалысы шектелді.

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі), Комсомольское кентінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскеде (Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай»   83-234 шақырымы) көліктің барлық түріне жол жабылды.

ШҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) Глубокое селосынан Шемонаиха қаласына дейін бұрылыстан 15-102 учаскеде қоғамдық көліктер үшін жол қозғалысы шектелді.

Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) мына жолдарда көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды:

1.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай»   231-389 шақырым,   Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі учаске;

2.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған»   108-232 шақырым,   Әулиекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін;   

3.«Екатеринбург-Алматы»   686-729 шақырым,  Сарыкөл кенті шекарасынан СҚО шекарасына дейінгі учаске.   

Соңғы жаңалықтар