Республиканың екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына (бұрқасын, жол көрінісінің нашарлауы) байланысты «Үшарал-Достық» тас жолының 83-184 шақырымы аралығындағы Көктума ауылынан Достық ауылына дейінгі аумағында барлық көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай облысында ауа райының нашарлауына (бұрқасын, жол көрінісінің нашарлауы) байланысты:

«Қостанай-Әулиекөл-Сурган» тас жолының 108-232 шақырымындағы Әулиекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аумағы; 

«Қарабұлақ- Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» жолының 231-389 шақырым аралығындағы Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейін аумағы;

«Денисовка-Жітіқара-Мүктікөл-РФ шекарасы» жолының бойындағы 82-174 шақырым аралығында Жітіқара қаласынан РФ шекарасына дейінгі бөлігі;

«Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырымы, Қарағанды облысы мен Ақмола облысының шекарасы учаскесінің аумағында барлық көлік түрлерінің қоғалысына тосқауыл қойылды.

Қоғамдық көліктер қозғалысына: «Денисовка-Жітіқара-Мүктікөл-РФ шекарасы» жолының бойындағы 50 шақырымдық Денисовка ауылынан Жітіқара қаласына дейінгі бөлігі;

«Екатеринбург-Алматы» тас жолының 558-729 шақырым аралығындағы Қостанай қаласы мен СҚО шекарасы учаскесі;

«Қарабұлақ- Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 389-503 шақырымындағы Денисовка ауылы мен Рудный қаласы аралығында;

«Мамлютка-Қостанай» жолының 180-404 шақырымдық СҚО шекарасынан Қостанай қаласына дейінгі учаскесі тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар