Республиканың басым бөлігіне тұман түседі - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 26 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің кей жерлерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғып, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.

Алматы, Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ақтөбе, Ақмола,  Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман болып,  бұрқасын болуы ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар