Республиканың 4 облысында жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті бірқатар өңірде боран соғуына байланысты автомобиль жолдарының жабылғандығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Астанадан сағат 14-00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына (боран, жолдың көрінуінің шектеулігі) байланыста көліктің барлық түрлері үшін «Астана-Щучье» жолы жабылды.

20 қаңтар күні сағат 23-00-ден бастап Алматы облысына қарасты республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» тасжолында (40-80 шақырым) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

20 қаңтар күні сағат 15-00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына орай облыстық маңызы бар «Шар-Бақыршы» (0-42 шақырым), «Бақыршы-Бұрсақ» (0-18 шақырым) жолы көліктің барлық түрі үшін жабық.

21 қаңтар күні сағат 10-50-ден бастап Қостанай облысында боран соғып, жолдың көрінуі нашарлауына байланысты «Жезқазған-Петропавл» (Арқалық қаласы Ақмола облысы шекарасы, 252-377 шақырым) учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Ал сағат 18-50-ден бастап облыстық маңызы бар «Арқалық-Торғай» (0-288 шақырым), «Әулиекөл-Жолдама» (0-257 шақырым), «Қойбағар-Севастопольский» (0-236 шақырым), «Әулиекөл-Ақжол» (0-130 шақырым) жолдары көліктің барлық түрлері үшін жабылды.

Бүгін таңертеңгі сағат 07-50-ден бастап республикалық маңызы бар «Қостанай-Әулиекөл-Сұран» (Әулиекөл елді мекені-Ақмола облысы шекарасы, 108-232 шақырым) автожолы учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар