Республикалық маңыздағы автожолдарда көлік қозғалысы жанданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын аязға байланысты жабылған республикалық маңыздағы автожолдарда көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, өткен күндері қатты аязға байланысты бірқатар облыстардың аумағында дизельмен жүретін және қоғамдық көліктердің жолға шығуына шектеу енгізілген болатын. Қазіргі уақытта бұл жолдар ашық.

«Қазақавтожол» РМК-нің хабарлауынша, бүгін түскен кейінгі мәлімет бойынша боранға байланысты Ақтөбе облысы аумағындағы жол учаскесінде ғана көліктің барлық түріне шектеу енгізілген.

Атап айтқанда, «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 92-257 шақырымындағы Ембі мен Шалқар аралығында автокөліктерге жолға шығуға тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетейік, жүргізушілер мен жолаушылар республикалық маңыздағы жолдардағы жағдай бойынша «Қазақавтожол» РМК-ның +7 7172 444 777; +7 771 7444 777 телефон нөмірлері арқылы біле алады.

Мұнымен қоса, жолдардағы көлік қозғалысына енгізілген шектеулерді мына сілтемемен қарау мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар