Республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында жыр алыбы Жамбылдың немересі, Қазақстан халық ақыны Әлімқұл Жамбыловтың 90 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған айтулы додаға барлығы он ақын қатысып, бақ сынады.

Айтыс қорытындысында бас жүлдені (1 млн теңге) Жамбыл ауданының өкілі Жалғас Садыр жеңіп алды. Жандарбек Бұлғақов - бірінші (700 мың теңге), Айнұр Тұрсынбаева - екінші (600 мың теңге), батысқазақстандық Талғат  Мықи (500 мың теңге) үшінші орынға ие болды.

Бір айналымнан тұрған сайыста Талғат Мықи белгілі айтыскер Сара Тоқтамысовамен сахнаға шықты.

Айта кетейік, бұл Талғат Мықидың республикалық айтыстағы бірінші жүлдесі емес. Оралдағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында қызмет атқаратын Талғат сонымен қатар жазба ақындығымен де танылып келеді.

 

Соңғы жаңалықтар