Республика соттарының жұмыс сапасы онлайн-анкеталар арқылы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы Сот «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көзделген қазақстандық соттардағы реформаларды жүзеге асыру барысы мен ағымдағы нәтижелеріне азаматтардың қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында процесінің қатысушылары мен «Сот кабинеті» сервисінің басқа да пайдаланушылары арасында online-анкета жүргізді.

Сауалнама ағымдағы жылдың 4 сәуірінен 4 маусымға дейінгі мерзімді қамтиды. Онда 16,5 мың респондент қатысты. Олардың ішінде талап қоюшылар - 44,4 %, жауапкерлер - 6,9 %, мемлекеттік орган өкілдері - 5,5 %, адвокаттар - 4,7 %, прокурорлар 0,4 %, жауаптылыққа тартылатын тұлғалар - 1 % және электрондық сервистің басқа да пайдаланушылар - 37,2 %.

Респондеттердің ең көп санын Оңтүстік Қазақстан облысы көрсетті, онда 2,3 тың тұлға қатысқан (бұл сауалнама жасалғандардың жалпы санының 13,8%-ы), Шығыс Қазақстан облысы - 1,9 мың (11,3%), Алматы қаласы - 1,7 мың (10,3 %) және Қарғанды облысы - 1,3 мың.     

Сауалнама нәтижесі Республика соттарының жұмыс сапасына азаматтардың қанағаттануының жоғары сапасын көрсетті, ол 74,4 %-ды құрайды.

Ал 2015 жылы БҰҰДБ қатысуымен өткізілген тәуелсіз әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша  бұл көрсеткіш 71,3% құраған болатын.

2016 жылы сауалнамаға қатысқан жалпы тұлғалардың санынан респондеттердің 87%  сот төрелігіне ақпараттық технологиялардың енгізілуі нәтижесінде қолжетімді болды деп санайды, 81,2% - соттардың ашықтығының жағдайы қанағаттандырылған, 77,3%  - сот сатыларының қысқартылуына оң баға берген, 73,4% - судьялардың  шыншыл және тәуелсіз екендігін белгілеген, 75,1% - судьялардың  істерді дұрыс шешуге кәсіптенген деп санайды. Сонымен қатар, 79,3% судьялардың әдептілігі мен  тәртіп мәдениеттілігі қойылған талаптарға сәйкес келетіндігін ескерген, 87,4 %  соттарда дыбыс, бейне жазба құралының қолданылуы істерді қарау сапасын жоғарылатты деп есептейді.

Сауалнамаға жауап бергендердің басым көпшілігі Оңтүстік, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарының жұмысын бағаланған.

Сұрау барысында респондеттер  соттардың жұмыстарын жақсарту бойынша өздерінің ұсынымдары мен ескертпелерін білдірген.  Барлығы 3,1 мың өтініш түсті, барлық жауаптар «Сот кабинеті» сервисіне орналастырылды.

Барлық түскен өтініштер сараланды,  бірқатар олқылықтар жойылды. Бүгінгі күні  судьяларға үміткерлерді  таңдау, судья лауазымына үміткерлердің жасын ұлғайту, судьялардың қажеттілігіне баға беру  туралы ұсынымдар орындалды.

Қолданыстағы заңнамаларды өзгерту, сот процестерін ұйымдастыру,  сот қызметкерлерінің әдептілігі,  кеңсе жұмысы және соттарда ақпараттық технологияларды қолдану, сот ғимараттарының  жайлылығын жақсарту, «Сот кабинеті» сервисін жандандыру,  дыбыс, бейне жазба құралының   кедергісіз жұмыс істеуі,  соттарда  дыбысконференция байланысын енгізу,  қашықтықтан сот  отырыстарын өткізу жұмыстары іске асырылуда.

Оң үнқатулар, сот жүйесіне  енгізіліп жатқан жаңа реформалар үшін алғыс білдірілген жазбалар да түскендігін атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар