Ресейліктер Астанадағы ситуациялық орталықтың жұмысымен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Андрей Лукин ресейлік делегацияға елордада қаланың барлық салаларында тәртіп қалай орнайтынын айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімінің орынбасары елордалық әкімдіктің ситуациялық орталығында Челябі облысы губернаторының орынбасары Руслан Гаттаровпен және Экономикалық даму басқармасының басшысы Антон Бахаевпен кездесу өткізді.

Андрей Лукин ресейлік әріптесіне мамандардың жұмысын көрсетіп, ситуациялық орталығына экскурсия ұйымдастырды.

«Бұл жерде бейнебақылау залы бар. Оның жұмысына 3000-ға жуық бейнекамера қосылған. Қазіргі уақытта қалада шаһардағы барлық бейнекамераларды қосу бойынша жұмыс жүргізілуде, жыл соңына дейін олардың саны 13 мыңға дейін жетеді», - дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары.

Орталықтың жұмысына бас-аяғы 100-ге жуық қызметкер тартылған.

«Біздің операторлар - ішкі істер органдарының штаттағы қызметкерлері. Онымен бірге бізде жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қызмет іздеп келген адамдар да жұмыс істейді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы біз бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жариялап тұрамыз. Бұл қызметкерлердің міндеті - қала инфрақұрылымының бұзушылығын анықтау. Олар ашық құдықтар, қаңғыбас иттер, заңсыз жарнама сынды кемшіліктер мен заңбұзушылықтарды анықтайды. Регламент бойынша 350 штаттан тыс жағдай қарастырылған. Операторларға осындай жағдайларды анықтау қажет. Олардың жұмыс уақыты 8 сағатқа созылады», - деді Андрей Лукин.

Ситуациялық орталықта елордалық басқармалар мен департаменттердің өкілдері есебінен құрылған арнайы аналитикалық топ жұмыс істейді. Олардың міндеттері - елордада болған жағдайларға жедел әрекет ету.

Ресейден келген бір топ делегация «109» қалалық қызметінің жұмысымен танысты.

«Біз 300-ден астам бағыт бойынша жұмыс істейміз. Бұл тек жедел немесе штаттан тыс жағдайларға байланысты әрекет ету ғана емес, сондай-ақ қалалық ұйымдар бойынша жұмыс мәселелері: мекен-жай, телефон нөмірлері, байланыс құралдары сынды анықтамалық ақпарат. 6 ай ішінде 39 мыңнан астам азаматтың өтініш-сұрауы тіркелді. Бізге келіп түсетін барлық қоңыраулар жазылады», - деді қызметтің қызметкерлері.

«Бір сөбен айтқанда «109» телефон нөмірі қаланың әмбебап қызмет көрсетуші мекемесі болып табылады», - дейді Челябі облысы губернаторының орынбасары Руслан Гаттаров.

«Жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша көмек қажет болған жағдайда кез-келген қазақстандық «109» қысқа нөмірі бойынша қоңырау шала алады. Шетелдіктер мына телефон нөмірі бойынша хабарласа алады: 8 800 300 3535. Бұл елорданың шетелдік қонақтары үшін call-орталығы. Бұл жерде қызметкерлер қазақ, орыс, түрік, ағылшын, француз және қытай тілдерінде қызмет көрсетеді», - дейді Андрей Лукин.

Ситуациялық орталықты құрудағы негізгі мақсат - кез-келген уақытта қаланың барлық саласы бойынша төтенше жағдайларға тез арада әрекет ету. Бұл: көлік, медицина, құқықтық тәртіп, коммуналды шаруашылық және т.б. салалар.

Ситуациялық орталық Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты құрылды. Көрме аяқталған соң орталық өз жұмысын жалғастыра береді.

null  

Соңғы жаңалықтар