Ресейлік туристер Қазақстанға жиі келе бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2017 жылы ресейлік туристер арасында танымал бағыттардың бірі болып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТурСат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік берген мәліметтерге қарағанда, 2017 жылдың тоғыз айында Қазақстанға Ресейден 2,3 миллион турист келген. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ресейлік туристер арасында Түркия, Абхазия және Финляндиядан кейін үздік бестікке енеді.

Түркияға қаңтар-қыркүйек айларында 3,9 млн адам саяхаттаған болса, Абхазияға - 3,5 млн, Финляндияға 2,5 млн турист барған.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ресейлік туристердің жалпы саны биылғы тоғыз айда отыз пайызға көбейіп, 31 миллионға жеткен.

Соңғы жаңалықтар