Ресейлік шоумен «шаштараз» Аршавинді күлкі қылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі ресейлік шоумен Иван Ургант өз бағдарламасында қазақстандық блогер Петр Воликов пен алматылық «Қайрат» командасының ойыншысы Андрей Аршавиннің бәсін назардан тыс қалдырмады.

Иван Ургант алматылық блогердің шашын алып жатқан сәттегі  Аршавиннің жүзіндегі қуанышты ерекше атап өтті. Жүргізуші футболшы ауызы ақсиа күлген Аршавиннің фотосын жұртқа көрсетті.

«Менің ойымша, Аршавин шашты қия салысымен бірден алып жеп жатқан сияқты», - деп ТВ-шоу  бойынша серіктесі Дмитрий Хрусталев әзіл қосты.

Еске сала кетейік, жуырда Алматыда Андрей Аршавин қазақстандық блогер, журналист Петр Воликтың шашын алды. Журналист ресейлік форвард Андрей Аршавиннің «Қайрат» футбол клубына ауысқан сәтінде ресейлік ойыншының Қазақстан премьер-лигасында жарытып ойнай алатынына күмән келтірген болатын. Журналис тіпті бәске де барған болатын - егер Аршавин «Қайрат» үшін 8 гол салатын болса, онда Петр шашын тақырлап тастайтындығын мәлімдеген.

«Ақтөбе» командасына қарсы өткізген ойында Аршавин чемпионаттағы 8-голын салды. Матчтан соң, футболшы блогерге арнап бейнехабарлама жолдады.

Соңғы жаңалықтар